Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ілияс Оспанов 1986 жылы Астанада дүниеге келген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон империялық колледжін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады.
2011-2012 жылдары – "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санаттағы инженері.
2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінде сарапшы болып жұмыс істеді.
2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болды.
2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.
2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
2018-2020 жылдары – ҚР және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары.
2020-2021 жылдары – "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.
2021 жылы "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.
2023 жылғы қаңтардан Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.