Алматыдағы жаңбыр: тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады

Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Алматыда 23 қазан таңғы 10:00-ден бастап жауған жаңбыр 24 қазан таңға дейін жауады деп болжанып отыр, қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 46 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 684 жұмысшысы жұмылдырылды. Су басуы мүмкін орындарды қоршау үшін шамамен 2 мың қап құм дайындалды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.

Түнгі уақытта 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 115 адам жұмыс істеуге шығады деп жоспарланған.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, Алматыда түнде тұман түсіп, 1-2 мм-ге дейін жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің екпіні 2-7 м/с болады. Түнде ауа температурасы +4...+6 градус, ертең күндіз жауын-шашынсыз +14...+16.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді