Смайылов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Аз ғана уақытта ауқымды реформаларды жүзеге асырған Қазақстан жаңғыру мен орнықты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еңбекқор халқымыздың ынтымағының арқасында ел экономикасы жаһандық сын-қатерлерге төтеп беріп, жаңа өнеркәсіп саясаты тиімді іске асырылып келеді.

Қоғамдық өмірімізде салтанат құрған ұлттық келісім мен әлеуметтік ауызбіршілік сияқты қастерлі құндылықтар ғана мемлекеттігіміздің тұғырын биіктетіп, экономикалық жетістіктеріміздің арқауы болып қала бермек. Халқымызды отаншылдық рухындағы ортақ мақсатқа ұйыстыруда осынау мерейлі күннің маңызы ерекше.

Ел игілігі жолында еңбек етіп, егемендікті көздің қарашығындай сақтау – біздің бәріміздің асыл борышымыз.

Айтулы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Ел еңсесі әрдайым биік болсын!", - деді Әлихан Смайылов құттықтауында. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді