Әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан қола жүлдеге таласады

Сурет: United world wrestling
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық үш спортшы қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі) 1/8 айналымда Үндістан спортшысынан жеңілді. Қарсыласы финалға шыққандықтан Ерасыл грузиялық Лука Гвинджилиямен күш сынасады.

Егор Анчугин (70 келі) іріктеуде канадалық спортшыны, сосын Даниил Амелянчикті ұтқан. Алайда ширек финалда Иналбек Шериевке есе жіберді. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы ертең анықталады.

Шамсат Таирдың (79 келі) алғашқы айқасы өте қиын болды. Украина спортшысымен тең түсіп (5-5), соңғы ұпай алғандықтан келесі кезеңге шықты. Сосын Масаки Сатодан (Жапония) айласын асырғанымен, жартылай финалда әзербайжандық Ашраф Ашировтың мықтылығын мойындады. Шамсатпен қола медаль үшін күресетін балуан ертең белгілі болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты