Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені сатқан акушерлер сотталды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін (ҚК-нің 135-б. 2-б. 1,7,12-т.) сотқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, 2022 жылдың қараша айында жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында, аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б.-ға хабарласқан. Жәбірленушінің жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б., өзінің әріптесі Ю.-дан босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені азаматқа 1,5 млн теңгеге сатқан. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен объективті растауын тапты. 

Прокурор сотталушыларды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар кінәлерін ішінара мойындады.

ҚК-нің 135-б. 2-б.-нің санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бір сотталушының жас балаларының болуы танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ ҚК-нің 55-б. 2-б.-ның жазалау шегін шектейтін талаптарын ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді