Жетісуда жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды

Сурет: polisia.kz
Жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында 27 қазанға қараған түні Toyota Gracia көлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы – Өскемен тас жолының 507-шақырымында 26 жастағы шетелдік көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автокөліктің аударылуына жол берді. Оқиға орнынан Үшарал қаласындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен жүргізуші мен 1965, 1988, 2001 жылы туған үш әйел жеткізілді. Олардың бірі реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген тергеу амалдары басталды.

Биыл Жетісу облысы арқылы өтетін Алматы – Өскемен автожолының учаскесінде 80 ЖКО болды, онда 50 адам қаза тауып, 160-тан астам адам түрлі жарақат алды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды