Павлодар облысында қызын зорлаған өгей әкені 22 жылға соттады

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында қызын зорлаған өгей әкені 22 жылға соттады. Сотта ер адам жас қызды бірнеше рет зорлағанын мойындамады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей әкесі жас баланы бірнеше рет зорлау, оның анасының денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК 24-б. 3-б.-120-б. 4-б., 120-б. 4-б., 107-б. 1-б.).

Іс жабық сот отырысында қаралған болатын. Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы зорлау бойынша өз кінәсін мойындамады, ал ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша кінәсін толықтай мойындады. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, заңды өкілдің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

"Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, педагогтік және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген үкімде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды