Қайтыс болған адамды жерлеуге мемлекеттен жәрдемақыны қалай алуға болады

Сурет: gov4c.kz
Қайтыс болған адамды жерлеуге бір реттік мемлекеттен жәрдемақы беріледі. Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, мұндай бір реттік жәрдемақыны екі жолмен алуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миністірлігіне egov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы арыз беруге болады.

2. Ал бірыңғай зейнетақы қорынан алсаңыз, сол мекемеге барып арыз тастайсыз.

Тапсырылатын құжаттар тізімі:

Жәрдемақы алушы осы құжаттарды жақыны қайтыс болғаннан кейінгі 15 күннің ішінде рәсімдеп өткізу керек. Құжаттар тапсырылған соң республикалық бюжеттен төленетін жәрдемақы көлемі - 35 АЕК (120 750 теңге) және 3 күнде алуға рұқсаты шығады.

Ал Бірыңғай зейнетақы қорына тапсырылған құжаттар жауабы қайтыс болған адамның зейнетақы қоры болса, 94 АЕК (324 300 теңге) көлемінде беріледі және 5 күн ішінде рұқсаты келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды