Қарағандыда ер адам тұрғынның алтын алқасын тартып алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Сурет: prozoloto.com
Қарағандыда ер адам тұрғынның алтын алқасын тартып алып, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды полиция басқармасына қарасты Жаңа майқұдық полиция бөліміне түнгі уақытта аудандағы дәмханалардың бірінің маңында белгісіз біреу қала тұрғынына шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

51 жастағы жәбірленуші азаматша тәртіп сақшыларына түнде үйіне кетіп бара жатқанда белгісіз біреу шабуыл жасап, мойнынан алтын алқасын тартып алғанын айтты. Оған келтірілген шығын көлемі - 120 мың теңге.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған азаматтың түр-түсін сипаттап берді.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азаматты ұстады. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған алқаны ломбардқа тапсырғанын айтты. Айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді