СҚО-да жол апатынан жеті адам зардап шекті

Сурет:
Солтүстік Қазақстан облысы Новокаменка елді мекенінің маңында жол апаты болып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қызылжар ауданы Новокаменка елді мекенінің маңында кеше, 4 қарашада шамамен сағат 14.00-де болған. 

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жезқазған –Петропавл республикалық маңызы бар автожолда Toyota Camry және Daewoo Nexia көліктері соқтығысқан. 

Салдарынан көлікте болған жеті адам зардап шекті. Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметі бригадалары оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін үйлеріне жіберді. 

Көлік жүргізушілері медициналық куәлендіруден өткізілді, екеуі де ішімдік ішпеген, олардың көлігі арнайы автотұраққа қойылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды