Толассыз жауын-шашын: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 9 қараша мен 11 қараша аралығында күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атлантикалық циклонның әсерінен алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Синоптиктердің айтуынша, алдыңғы қараша айларына қарағанда, күн айтарлықтай жылы болады.

"Батыстан шығысқа ауысатын циклон өз жолында қатты жауын-шашын әкеледі: жауын-шашын түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз  негізінен жаңбыр түрінде жауады. 11 қарашада солтүстік-батыста, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада оңтүстік-шығыста, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады деп болжанды. 12 қарашадан бастап антициклон сілемі батысқа қарай тарай бастайды, осыған байланысты жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы +8+18°С дейін көтеріледі"."Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің айтуынша, түнде және таңертең республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды