Түркістан облысының полицейлері азаматтарға саусақ ізі тіркелетінін ескертті

Сурет: Түркістан облысы Полиция департаменті
"Дактилоскопия және геномды тіркеу туралы" Қазақстан заңына сай 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарға (босқындардың жеке куәлігін қоспағанда) азаматтардың құжаттандыру процесінде саусақ ізін міндетті түрде тіркеуі енгізіледі.

Саусақ ізін тіркеу процесінің өзі шамамен 5-10 минут алады. Ол азаматтардың жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарды (паспорт, жеке куәлік) алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген кезде жасалады.

Бұл шара заңсыз құжат жасау, құжаттарды бұрмалау болмауы үшін, құжат иесін алаяқтық және басқа да қылмыстық әрекеттерден қорғауға, құжаттарды қалпына келтіру тәртібін жеңілдетуге ықпал ету үшін жасалған.

Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе ішкі істер департаменттерінің көші-қон қызметі бөлімдерінде құжаттарды қабылдау кезінде 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті тіркеуден өтеді. Ал 16 жастан асқан азаматтар міндетті түрде саусақ таңбасын тіркеуден өтеді.

Ал дактилоскопиялық тіркеуден өтпеу әкімшілік құқық бұзуға жатады. Сонымен қатар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-1-бабына сай жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды