Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Сурет: freepik
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2023 жылғы 10-11 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2500 метр биіктігінен жоғары) қатты жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін", – делінген ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ таратқан хабарламада.

Төтеншеліктер Алматы қаласының тұрғындарына көшкін жүру қаупі болуына байланысты қарлы беткейлерге шығудан бас тартуға кеңес берді.

"Тауда қалып қалған туристер мен демалушылар болса, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз!". "Қазселденқорғау" ММ

Көмек қажет болса 112, 109 немесе 8(727) 372 -15-60 нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты