Ақтауда 82 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
30 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті. Оқиға Ақтауда 8 қарашада болған. Сот санкциясымен ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, Toyota Rav4 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 82 жастағы зейнеткерді қағып кеткен, деп жазды lada.kz.

Әйел жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ол алған жарақаттарынан қаза тапты.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

"Тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот санкциясымен Toyota Rav4 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі екі ай мерзімге қамауға алынды". Маңғыстау облысы полиция департаменті

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады