Сейсенбіде 10 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер сейсенбі, 14 қарашада республиканың 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады. 

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: