Петропавл тұрғыны есірткіні жұмысындағы автокөлікпен тасымалдаған

Сурет: polisia.kz
34 жастағы петропавлдық есірткіні таратқаны үшін биылғы жылдың сәуір айында ұсталды. Ол синтетикалық есірткінің партияларын қабылдап алып, алдын ала жоспарланған орындарға жасырып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тыйым салынған заттарды тасымалдау үшін өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның автокөлігін пайдаланған. Ер адам 9 және 11 сәуір күндері жоғарыда отырған “кураторларымен” жазыса отырып, α-PvP есірткісі салынған екі үлкен пакетті іздеп тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Петропавлдың шетінде орналасқан Мещан орманында ұстады. Ұсталған ер адамнан жалпы салмағы 22,91 грамм болатын психотроптық заттар салынған 51 түйіншек тәркіленіп алынды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. 

"Тергеу барысында ұсталған ер адамның өткен жылдың желтоқсан айында есірткі таратумен айналыса бастағаны белгілі болды. Әдетте есірткі дилерінің жұмысы көпке созылмайды. Қазіргі уақытта қала тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, соттың үкіміне сәйкес шығарылған 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

1 қыркүйек - Білім күні

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті