Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда тағы екі жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бұл туралы 2023 жылғы 15 қарашада Zakon.kz сайтына қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда "Сәлем" базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүретін №235 жаңа қала маңына қатынайтын бағыт ашылды.

"Шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Бұл Алматы агломерациясын дамыту аясында ашылған алтыншы бағыт. 2024 жылдың соңына дейін 50 елді мекенді қамтитын 20 жаңа қала маңы маршрутын ашу көзделген", – делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, 15 қарашадан бастап "Райымбек батыр" метро бекетінен Іле ауданындағы Gate City ТҮК-не дейін №89 жаңа қалалық маршрут жүре бастады.

"Бұл бағытқа үлкен сыйымдылықтағы 13 автобус қызмет көрсетеді. Алматының өзінде жыл басынан бері 22 қалалық бағыттың жылжымалы құрамы жаңартылды".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт қосылды. Ол  30 қазаннан бастап көлік желісіне қала маңына қатынайтын №247 бағыт бойынша 4 жылжымалы бірлік шығады. Ол "Бұрылатын алаң Төле би – Яссауи – Мыңбаев кенті" сызбасы бойынша жүреді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?