Алматы облысындағы Жетіген ауылы қалаға айналып, жаңа атауға ие болады

Сурет: wikimedia
"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасының президенті Жарлығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға "Алатау" атауы берілсін", – делінген хабарламада.

Үкіметке қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Жарлық жобасы 29 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Елді мекен Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай шамамен 47 шақырым жерде орналасқан. Қазір ауылда 20 мыңға жуық адам тұрады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты