Шымкентке бара жатқан пойыздан мас әйел түсірілді

Сурет: polisia.kz
Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызы Шу станциясына келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері масаң жолаушыны акт бойынша пойыздан түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады. Ол қоғамдық орында масаң күйде болған және түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған". Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов

Құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу"), 437-бабының 2-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш (51 750 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Бұл әйел бұған дейін тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", - деді полиция полковнигі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады