Тұман, қар аралас жаңбыр: Алматыда алдағы аптада ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен алдын-ала бөлісті. Синоптиктер келесі аптада оңтүстік астанада жауын-шашын жауып, сынап бағаны күрт төмендейтінін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев 18-24 қараша аралығында қаладағы ауа райы қалай болатынын айтты: аракідік жауын-шашын түседі деп күтіледі, келесі бейсенбіде тағы да қар жаууы мүмкін.

18 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +17...+19°С.

19 қараша: күн райы құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +6...+8°С.

20 қараша: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+ 4°С, күндіз: +6...+8°С.

21 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +8...+10°С.

22 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+ 3°С, күндіз: +13...+ 15°С.

23 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +6...+8°С.

24 қараша: аспан бұлт, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: шамамен 0°С, күндіз: +6...+ 8°С.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты