Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір автобус бағыты ашылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды. 20 қарашадан бастап №234 автобус Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жолаушыларға 10 автобус қызмет көрсетеді.


"Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын маршрут ұйымдастырады. Бұрын 6 маршрут ашылды, қалған 3 бағыт әзірленіп жатыр".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы мен Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме