Бағдат Мусин анықтама талап еткендерге айыппұл салуды ұсынды

Сурет: freepik
21 қарашада өткен үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қағаз анықтамаларды заңсыз талап еткендерге әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бағдат Мусин бұған дейін азаматтар жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 миллион анықтама тапсыруға тиіс болғанын айтты.

"Біз оны цифрлық форматқа көшірдік. Дегенмен талдау қағаз анықтамаларды сұрау мәселесі толық шешілмегенін көрсетті. Жұмыс берушілер мен мектептер әлі де анықтама талап етеді. Келесі жылы екі уәкілетті министрлікпен бірлесіп, бұл мәселені толығымен шешеміз. Анықтаманы талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді сұраймыз", – деді министр.

Ведомство басшысы нақты мысал келтіре отырып жүйе қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Тағы бір кейіс. Жыл сайын 106 мыңнан астам студент екі аптаға жуық уақыт әскери комиссариатқа ұсыну үшін оқу орындары мен медициналық ұйымдардан анықтамалар жинайтын. Енді студент екеніңді дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрлiктiң деректер базасының интеграциялануы нәтижесінде студенттер әскерге шақырудан автоматты түрде босатылады", – деді Бағдат Мусин.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті