Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйді пайдалану ережесі қайта қаралады

Сурет: Zakon.kz
Қарашаның 22-сі күні ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжіліс кулуарында елімізде жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалану ережелері қайта қаралуы мүмкін екенін айтты. Жалға алушыларға баспананы сатып алу құқығын беру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қанат Шарлапаев әкімдіктерден пәтерді жалға алған адамдарға баспана алу құқығын беруді дұрыс деп санайтынын айтты.

"Бұл өте дұрыс шара. Қай тұрғыдан? Өкінішке қарай, ұзаққа созылады, адамдар көшпейді, көше алмайды. Жеке пәтер алуға жағдайы келе бермейді, өйткені олар халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Біз белгілеп отырған сатып алу ережесі тұру мерзімін қарастырады  –  бұл қазір талқыланып жатыр, бірақ біздің бағалауымызша, егер адам онда бес жыл тұрса, ол бұл пәтерді сатып алуға құқылы", – дейді министр.

Оның айтуынша, олар пәтер сатып алу құнын есепке алуды жоспарлап отыр.

"Пәтерді нарықтық бағамен пәтер сатып алуды кез келген адамның қалтасы көтере бермейтіні анық. Сондықтан қазір баланстық құны бойынша қайта сатып алуға рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл шаралар қарастырылып жатыр", – деді Қанат Шарлапаев.

Министр мемлекеттен жалға алынған баспанаға жеке меншік құқығын беру өте маңызды деп есептейтінін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін