Көктайғақ, қалың тұман: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК 26 қарашада еліміздің бірқатар өңірі бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігін тұман басып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран болады деп болжанады. Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел екпіні күшейеді". "Қазгидромет" РМК

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, Қарағанды қаласында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Атырау облысының батысында тұман түседі деп болжанады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Ақтөбе облысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда да жел соғады: 15-20 м/с.

Астанада жолдарда көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман, боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірде және Көкшетауда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде қалың тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде қалың тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 25 м/с. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек