Желіде балаларға қызылшаға қарсы Қытайдың белгісіз вакцинасы салынып жатыр деген жалған ақпарат тарады

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желілерде балаларға қызылшаға қарсы Қытайдың белгісіз вакцинасы мәжбүрлеп салынып жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Автордың пайымдауынша, бұл коронавирус кезіндегі вакцинациядан қалған екпе болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake басылымы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарғанын жазды.

"Елде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін "Serum Institute of India" шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцинаның өндірісі ДДҰ-ның қайта бағалауынан өткен, өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі".ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Министрлік Қазақстанда қызылша өршіп тұрғанын еске салып, ата-аналарды  екпені уақтылы салдыруға шақырды.

"Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, балаларда қызылшаға қарсы екпелердің болуына назар аударуларыңызды сұраймыз. Екпені тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініп, алуға болады", делінген басылымда жарияланған хабарламада.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз