Ажар Ғиният немересінің қызылшаға қарсы екпеден кейінгі жағдайын айтты

Сурет: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде қызылшаға қарсы вакциналарға халықтың сенімін арттыру үшін қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният жалпы халықтың вакцинаға сенімі бар екенін жеткізді.

"10 айда жоспарлы екпе алуға келмегендердің саны пайызға шаққанда аз. Бұл кісілер кейбір сарапшылардың, антиваксерлердің пікірін тыңдайтындар. Діни себептермен бас тартатындар да бар. Ал күмәні болса да, жеткілікті түрде түсіндірмелерді естіген соң, сенімді болып, екпе алатындар да жетеді. Негізінен кішкентай балалар зардап шегетінін ескеріп, қазір біз ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысты өзім бастадым, адамдар вакцина қауіпсіз, тиімді екеніне сенсін деп 5 жасар немеремді емханаға апардым.", - деді министр.

Ол кенже немересі 5 жаста екенін, екпе алғанын айтты.

"Төртінші күні дене қызуы көтеріліп, соның фонында құса берді. Дәрігерлер мұны вакцинаға реакция деп бағалады. Бір күннен кейін бұл белгілер жоғалып кетті. Сондықтан мен сіздерге қалай бар, солай айтып отырмын. Осындай реакциялар болуы мүмкін", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ажар Ғиният 29 қарашада Қазақстанда қызылша ауруына байланысты 30 баланың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда қызылша жұқтырған 17 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді