Бұл арада рюкзакқа ұқсас мобильді диагностикалық жабдық туралы сөз болып отыр. Хабарлама авторы Қазақстанда осы сөмкені сатып алуға бюджеттен 48 млрд теңге жұмсау жоспарланып отырғанын атап өтеді.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл жабдықты өңірлердің әкімдіктері сатып алып жатқанын баса атап өтті.
"Бұл біздің отандық өндірушінің парламенттік тыңдалым кезіндегі тұсаукесер рәсімі болатын. Бұл жабдық, нақтысында біздің отандық мамандардың басқа да жасаған дүниелері қолпаштауға тұрарлық, бүгінде кейбір өңірлерде әкімдер бұл жабдықты өздерінің фельдшерлік және акушерлік пункттері үшін сатып алуда", – деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ министр Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі нормативін ғана бекітетінін, ал қосымша жарақтандыруды жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай әкімдіктер алатынын атап өтті.
21 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлік сөмкелер бюджет есебінен сатып алынбайтынын айтты. Ведомство таратылатын ақпараттың жалған екенін жеткізді.