Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК желтоқсан айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктердің болжамынша, биыл Қазақстанда қыс біртіндеп өз құзырына енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желтоқсанның басында және бір айдың ішінде республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: солтүстік өңірде қар, аракідік боран соғады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ жиі орын алады, айдың басында еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады деп болжанады. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуына байланысты бүкіл  ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары жүреді деп күтіледі:

Алайда, жекелеген күндері солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температураның төмендеуі болжанады:

Жалпы болжам бойынша желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтіледі. 

Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек