2 желтоқсанда еліміздің қос қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сурет: Zakon.kz
Сенбіде, 2 желтоқсанда синоптиктер Алматы мен Шымкент қалаларында ауадағы зиянды қоспалардың құрамы әдеттегіден жоғары болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Мамандар Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары мен қонақтарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындайтынын, 2 желтоқсан, сенбі күні қос мегаполисте ауаны ластайтын заттардың мөлшері көбірек болатынын ескертеді.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайында тағы мынандай шектеулер ұсынылады:


Шымкент
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты