Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда жұмысқа шыққан ер адам жоғалып кетті, Балтажан Борашайұлы бірнеше жылдан бері тұрақты жұмыста істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, жоғалған ер адамның қызы жылап, еріктілерге  әкесінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған, деп жазды pavlodarnews.kz.

"Ер адам 2 желтоқсанда таңғы сағат 5.30-да жұмыс алдында серуендегісі келетінін айтып, үйден шығып кеткен. Дегенмен, жұмыста  болмаған,  үйден ұялы телефоны мен басқа да құнды заттары табылды", - дейді еріктілер. 

Балтажан Борашайұлы ішімдік ішпейді, темекі шекпейді, бір жылдан астам тұрақты жұмыста істейді.

@Poiskoviki_ekibas_vita еріктілері жоғалған адамды іздеуге шыққан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталған. Таңертеңнен бастап іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар Павлодар қаласының еріктілері де іздестіруге кеншілер қаласына шыққан. 

Егер де оны көрген адамдар болса немесе оған қатысты қандай да бір ақпарат болса, еріктілерге келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Самал).

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды