Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады

Сурет: видео скрині
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражат бопсаламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған күдіктілерді 2 млн 600 мың теңге алып жатқанда ұстады.

Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн-ға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.

Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады