Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытып, -42°C аяз болады деп болжанады

Сурет: pixabay
Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, тағы үш қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Алматыда да, Қонаев қаласында да тұман болады.

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде сақылдаған аяз болып, сынап бағаны -37, -42 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде сақылдаған сары аяз болады, сынап бағаны -35, -40 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Түнде Петропавлда да аяз болады: -36...-38°C. 

Түнде Ақмола облысында сынап бағаны -40°C көрсетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алакөл ауданында, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсанда сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсандағы 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді