Алматыда тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс контейнерлері толықтай жаңартылады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алдағы 2024-2025 жылдары Алматыда 4 238 еуроконтейнердің орнына 2 119 тереңдетілген жаңа үлгідегі контейнерлер орнатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты.

"Қалада барлығы 8 003 контейнер бар, оның 18%-ы немесе 1 410 контейнер тереңдетілген. Аула аумақтарының санитарлық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету үшін біз қолданыстағы контейнерлер паркін тереңдетілгендерге ауыстыру міндетін қоямыз. 3 жыл ішінде біз оларды қызмет көрсету мүмкіндігі бар жерлерде орната отырып, олардың үлесін 80-85%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", — деді Әлішер Әбдіқадыров.

Оның деректері бойынша, 2024 жылы жаңа 1090 контейнер, ал 2025 жылы -1 029 контейнер орнатылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды