Павлодарда жоғалып кеткен 8-сынып оқушысы табылды

Сурет: VITA еріктілерінің парақшасы
Павлодарда жоғалып кеткен 8-сынып оқушысы Дарья Шандрук табылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша кейінгі рет құрбысына қоңырау шалған. Барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды", - деп жазды VITA еріктілері. 

Еске салайық, бұған дейін № 5 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Дарья Шандруктың жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп жүрген.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды