Синоптиктер дүйсенбіде бірнеше өңірде 45 градусқа дейін аяз болатынын ескертті

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз, көктайғақ болатынын, ал кей өңірде жаңбыр, қар жауатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады. 

Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні - 15-20 м/с.Түнде облыстың басым бөлігінде 40-41 градус, облыстың солтүстігінде 45 градус аяз болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында көп мөлшерде қар жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 16 м/с болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ.

Алматыда кей уақытта тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын көп мөлшерде (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: