14-16 желтоқсан күндері Астанада аяз болады, Алматы мен Шымкентте қар жауады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы үш күнде – 2023 жылғы 14-16 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, елордада түнде -29°C аяз болады, еліміздің екі мегаполисінде қар жауады деп болжанды.

Астана:

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -27-29°C, күндіз -16-18°C;

15 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -19-21°C, күндіз -11-13°C;

16 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -17-19°C, күндіз -10-12°C.

Алматы:

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -13-15°С;

15 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С;

16 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -4-6°С.

Шымкент:

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Ауа температурасы түнде -17-19°C, күндіз 0-2°C;

15 желтоқсан – көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0+2°C;

16 желтоқсан – көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0-2°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз