2023 жылы 15 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында ол Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері балапандарды толық тексеріп, олардың өздерін жақсы сезінетінін және ұшуға төтеп бере алатынын айтқанын жазды.
"Хайуанаттар бағы маманының айтуынша, балапандар қатты күйзеліске ұшырап, аязда тонған. Егер көшедегі күйі кеткен балапандарды үйге кіргізіп алмағанда, олар өлуі мүмкін еді. Балапандардың болашақ тағдыры әлі анық емес, өйткені олар мына аязда өздігінен өмір сүре алмайды, көктемге дейін олар хайуанаттар бағына үйренісіп кетуі мүмкін. Ал содан кейін олар жабайы табиғатқа жіберілгенде, оған бейімделе алмай өліп кетуі де мүмкін. Ең дұрысы, қалай олар қоң жинайды, солай, яғни көктемде босатылады". Азамат Сәрсенбаев
Айтқандай, белсенді оларды арнайы жабдыққа салып, тасымалдайтынын да нақтылай кетті.
Сәрсенбаев 11 желтоқсанда аязда мұздап, қатқан қоқиқазды құтқарып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Кейінірек ол үйірінен қалып кеткен тағы бір балапанды өз асырауына алды. Дегенмен блогер табиғатты қорғау инспекциясы Қызыл кітапқа енген жануарды үйде ұстағаны үшін оған айыппұл салмақшы екенін жеткізді. Бірақ ол тек қиын жағдайға тап болған құсты құтқарғысы келгенін айтады.
Кейін ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Азамат Сәрсенбаев өзі құтқарған қоқиқаз балапандары туралы табиғат қорғау органдарына хабарламағанын мәлімдеді. Блогердің үйінде сирек кездесетін құс бар екенін ведомство қызметкерлері әлеуметтік желіден білген.