Алматыда "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінің 32 жылдығын атап өтуде. Айтулы датада алматылықтар тарихи ескерткіш - "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттары, Ардагерлер кеңесі, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, Ауған соғысы ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестіктер, қаланың жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен "Тәуелсіздік" монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Салтанатты рәсім барысында қатысушылар желтоқсаншыларды метрономның үнімен бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Салтанатты рәсім Алматы өңірлік гарнизонының әскери-үрмелі оркестрі мен сарбаздарының мемлекеттік әнұранды орындауымен аяқталды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі


Сурет: Алматы қалалық әкімдігі


Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Айта кетсек, қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғаларына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін