Алматы облысында газ жарылып, төрт адам зардап шекті

Сурет: instagram/almobl_akimat
Алматы облысындағы Гүлдала ауылында табиғи газ плитасы жарылып, төрт адам зардап шекті. Оқиға, кеше таңғы уақытта Сүйінбай мен Байтұрсынұлы көшелерінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылыстан зардап шеккен екі тұрғын Алматыдағы 4-клиникалық емханасына жатқызылды. Ал денелерін күйік шалған тағы екі тұрғын Алматы көпсалалы клникалық ауруханасына жеткізілген.

"Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр.  Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп датыр", - деп хабарлады емхананың баспасөз қызметі.

Апат құбырдағы газ қысымының күрт жоғарылауынан болуы мүмкін. Оқыс оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар қызметі мен газға жауапты компания жеке үйлерді аралап, газ қауіпсіздігін тексере бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды