"Қардың арты жаңбырға ұласады". Синоптиктер күн жылынатынын болжайды

Сурет: Zakon.kz
19-21 желтоқсанда қыстың қақаған аязының беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгиромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.

Айта кетсек, Жамбыл облысында жабылған барлық жол учаскелері ашылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін