Алматы полицейлеріне жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол полиция қызметкерлері патрульдік іс-шара кезінде көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Ал жастар қарсылық көрсетіп, полицияға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіп қалған. Кадрларда жігіттер боғауыз сөз айтып, кейін полицияға шабуыл жасаған. Олар тәртіп сақшыларының бірінің ернін жаралап, мұрнын сындырған.

"Видеода мас күйінде полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған ер адамдарды ұстау фактісі түсірілген. Сонымен қатар, төрт адам Toyota Camry жүргізушісіне қашып кетуге мүмкіндік жасағанын атап өтеміз, ол да мас болып, рөлге отырған – бұл өзгелерге қауіп төндірді. Оқиғаға қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір қызметтік тексеру басталған.

Абайлаңыз! Видеода боғауыз сөздер бар!


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды