Алматының орталығындағы сауда павильондары сүрілді

Алматының орталығындағы сауда павильондары сүрілді. Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының Zakon.kz сайтына мәлімдеуінше, Достық даңғылы 170/1 бойындағы сауда нысандары заңсыз салынған.

2023 жылғы 20 желтоқсанда таратылған хабарламада бұл сауда павильондарын бұзу туралы шешімді сот мамыр айында қабылдағаны айтылған.

"Кеше сот шешімін орындау үшін дүңгіршектерді бөлшектеу басталды. Сол учаскеде орналасқан ғимаратты бұзуға қатысты сот процесі де аяқталды". Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі

Бұған дейін басқарма 2022 жылғы 28 қазанда меншік иесіне қатысты Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берген.

2023 жылғы 9 маусымда сот бұзу туралы талапты қанағаттандырды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

"Атқару парағы Әділет департаментінде", – деп нақтылады ведомство.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: