Алдағы екі жылда Алматыда 22 мектеп ашылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 мектеп ашу жоспарланған. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салсақ, биыл президенттің тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру басталды. Осыған орай Алматыда алдағы екі жылда 37,1 мың орынды 22 мектеп ашу жоспарланған.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бүгінгі таңда 23,1 мың орынды 13 мектептің құрылысы басталған.

"Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алу бойынша меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, МЖӘ бойынша 2 мың орынға 1 мектеп салынады".Ерболат Досаев

Ерболат Досаев атап өткендей, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы "басқарылатын" деңгейге дейін төмендетіледі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз