Қала басшысының сөзінше, Алматыда жатақханалар салу бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін Жобалық кеңсе іске қосылған. Жобаларды қолдауға 114 әлеуетті инвестор жүгінді.
"Бүгінгі таңда жұмыста 42 452 төсек-орынға арналған 47 жоба бар, оның ішінде 33 нысан 38 740 төсек-орынға арналған жаңа жатақханалар салуды, 15 нысан 3 712 төсек – орынға арналған жатақханалар ретінде бар нысандарды қайта жаңартуды көздейді. Қалған 67 инвестордың жобалары бойынша жер учаскелерін іздеу жұмыстары жүргізілуде", – деді Ерболат Досаев.
Қазіргі уақытта Алматының 23 жатақханасында 3,8 мыңға жуық студент тұрады. 2025 жылдың соңына дейін қалада 12 мың төсек-орын, ал 2030 жылдың соңына дейін тағы 20 мың төсек – орын құрылады, бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, "Білім туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттерге тұрғын үй беру және оларды жатақханалармен қамтамасыз ету бойынша біліктілік талаптары күшейтілді. Енді ЖОО-дары осы шартты сақтамаса, онда олар лицензиясынан айырылады және білім беру қызметін іске асыра алмайды.