Түркістан облысында бір жасар бала әжетхананың ойығына түсіп кетті

Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Түркістан облысында 1 жастан асқан бала әжетхананың ойығына түсіп кетті. Оқиға Қазығұрт ауданында орын алған. Оны анасы дер кезінде байқап, 10 жасар ұлын көмекке шақырған, Ол беліне арқан жіп байлап, анасының демеуімен кішкентай бауырын өлімнен арашалап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үлгі болар ісі үшін 4-сынып оқушысы Нұрәлі Құдіретұлын арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округі, Жылыбұлақ елді мекені, Төленді Мұса көшесіндегі №43-ші үйдің әжетхана ойығына 1 жасар баланың түсіп кеткені анықталды. Бүлдіршінді 4-ші сынып оқитын ағасы құтқарып қалған. Бүгінде баланың ерлігі еленіп, арнайы алғыс хат табысталды".Түркістан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлеймен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды