Шымкентте көлігін "контент үшін" безендіргендер жауапқа тартылды

Cурет: polisia.kz
Жаңажылдық шырша элементімен және гирляндамен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады.

Шымкентте жаңа жылдық безендіруімен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

"Құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді. Жігіттер бұл әрекетке әлеуметтік желіге "контент жасау үшін" барғанын айтты", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін