Тоқаев Чех Республикасының президентіне көңіл айтты

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Чех Республикасының президенті Петр Павелге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

“Прага қаласындағы Карлов университетінде болған жантүршігерлік қарулы шабуыл салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Чехия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын, ал зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдіремін”, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, 21 желтоқсан күні кешке философия факультетінің студенті университетте оқ жаудырып, содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды