Жетісу облысында учаскелік полицей мас күйде көлік ұрлаған азаматты ұстады

Сурет: polisia.kz
Талдықорғанның 34 жастағы тұрғыны көлік ұрлағаны, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жазаға тартылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамды Кербұлақ ауданында ауылдық учаскелік полицей ұстады, оған Көксу ауылының 68 жастағы зейнеткері Mercedes-Benz көлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған.

Көлік иесі Талдықорғаннан қонаққа келген өгей баласы көлікті ұрлауы мүмкін деп ойлаған. Жәбірленушінің күдігі туысы болып шыққан күдікті ұсталғаннан кейін расталды. 

"Медициналық куәландыру көлік жүргізушісінде алкогольдік мас күйдің орташа дәрежесін анықтады. Қазір ұсталған адам ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша көлік ұрлығын жасағаны және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды". Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев

Осы жылы өңірдің автожолдарында полиция мас күйде көлік құралдарын басқарған 340-тан астам көлік жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендері үшін олардың 34 қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды