Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Сурет: akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысты.

Жиын барысында ТМД елдерінің көшбасшылары Ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарын талқылады.

Сондай-ақ ТМД аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз