Медициналық сақтандыру қорының 2024 жылғы комиссия мөлшерлемесі белгіленді

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиясының 2024 жылға арналған сыйақы мөлшерлемесі белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылға арналған "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ комиссиясының сыйақы мөлшерлемесі Қор қызметін жүзеге асыру үшін ҚР үкіметі белгілеген лимит шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың есепті айдағы шотынан алынған активтер сомасының 1,18%-ынан аспайтын мөлшерде белгіленсін", – делінген құжатта.

Бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі үшін ең жоғары комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін 1,24%-дан аспайтын етіп белгілеу жоспарланған еді.

Комиссиялық сыйақының ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі Қордың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жыл сайын белгіленеді. 2023 жылға ол есепті айда Қор шотына түскен активтер сомасының 1,56%-дан аспайтын мөлшерінде белгіленді.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз